×

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл симпозиумды өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында көтерген еді. Президент алқалы жиында: «Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет» деген болатын.

Ерлан Қарин мемлекет басшысының симпозиумға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқыды.

Мемлекеттік кеңесші бұл симпозиум Ясауидің гуманистік идеяларын жүйелі зерттеуге және рухани-зияткерлік мұрасын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.

Жиынға еліміз бен Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен келген жүзге жуық белгілі ғалымдар қатысып жатыр. Симпозиумдағы тақырыптық секциялар аясында Ясауи мұрасының түрлі қырларын қамтитын ғылыми баяндамалар жасалып, пікірталастар болады. Сондай-ақ ғалымдар өзара тәжірибе алмасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
Бүгін, 10:31

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 
Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →