×

Дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай Қырғызстандағы халықаралық фестивальде үздік актер атанды

Италиялық белгілі кинопродюсер Паола Марина Спинаның өзі тапсырды

Дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай Қырғызстандағы халықаралық фестивальде үздік актер атанды

Белгілі дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай соңғы жылдары кино және анимация саласында да жемісті еңбек етіп жүр. Режиссер, сценарист ретінде көзге түссе, бұл жолы актер ретінде де көрші Қырғызстанда мойындалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

III Бішкек халықаралық кинофестивалінде режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Ең үздік актер» бәйгесін жеңіп алды. Халықаралық қазылар алқасының мүшелері – франциялық ARTE France Cinema компаниясының директоры әрі фестивалдің қазылар алқасының төрағасы Оливье Пере, италиялық атақты кинопродюсер Паола Марина Спина, бангладештік Дака халықаралық кинофестивалінің директоры Ахмед Мұстаба Замал, германиялық Cottbus кинофестивалінің директоры Бернд Будер, нидерландиялық Роттердам халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық кураторы және киносыншы Евгений Гусятинский болды. Сыйлықты осы қазылардың ішінен суырылып шығып, Италиялық белгілі кинопродюсер Паола Марина Спинаның өзі тапсырды.

Құрметті Қырғыз елі! Осымен үшінші рет өткізіліп жатқан Бішкек фестивалі құтты болсын! Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қазылар алқасына да рахметімді айтамын. Адамзатқа ортақ кино өнері жасай берсін. Қазақ-қырғыз бір туған халық, - деп айтты сахнада Ерлан Төлеутай.

Еске салсақ, режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Францияда өткен 31-ші Везуль халықаралық азия кинофестивалінің триумфаторы атанған болатын. Картинаның еншісіне бірден үш басты жүлде бұйырды: Қазылар алқасының Гран-приі, Сыншылар жүлдесі және NETPAC қазылар алқасының жүлдесі.

Басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутайдың айтуынша, қаржыландыру мен виза мәселелеріндегі қиындықтарға қарамастан, шығармашылық топ Қазақстанды лайықты түрде таныстырып, фильм әлемдік кино мамандары тарапынан жоғары бағаланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді
14.06.2025ж. 12:26

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: рухани мерекенің алғашқы күні тарихи сәттермен өрнектелді

Алаштың алтын жұрты — Алтайдың төрінде «Ұлттық рух жыршысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
Өнер туындысын сотталушы мұражай қорына сыйға тартқан
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңге қаржы бөлінді.
Кітапта Қытайдың мемлекеттік басқару үлгісі мен жаһандық даму мәселелеріне қатысты Си Цзиньпиннің негізгі ой-пікірлері жинақталған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →