×

Жаңа көзқарас: «Бауырына салу» кинокартинасы халықаралық фестивальде үздік деп танылды

Жаңа көзқарас: «Бауырына салу» кинокартинасы халықаралық фестивальде үздік деп танылды
Сурет: "Баурына салу" фильмінен кадр

«Бауырына салу» картинасы халықаралық фестивальде үздік фильм деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

“Ресейдің Чита қаласында XII Забайкалье халықаралық кинофестивалі өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша «Жаңа көзқарас» конкурсының үздік фильмі ретінде қазақстандық режиссёр Асхат Күчинчерековтың «Бауырына салу» картинасы танылды.Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген”, – делінген министрлік хабарламасында.


«Бауырына салу» фильмі әжесінің тәрбиесінде өскен баланың тағдырын баяндайды. Фильмде көне қазақ дәстүрі – бауырына салу айқын көрініс табады. Әжесі қайтыс болған соң бала ата-анасына оралып, олармен қайта байланыс орнатуға тырысады. Бұл – режиссёрдің өз басынан өткен оқиғаларға негізделген туынды.

Айта кету керек, «Бауырына салу» фильмі бұған дейін де халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Ол Asia Pacific Screen Awards байқауында үздік жасөспірімдер фильмі атанды, Әзербайжанда өткен Baku International Film Festival-дің бас жүлдесін иеленді, Франциядағы Cinema Heritage Festival-де арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ фильмнің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-де «Үздік оператор» номинациясы бойынша марапатталған.

Фильм Қазақстан атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында ресми түрде ұсынылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Париж төрінде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды
Бүгін, 16:38

Париж төрінде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде осы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады
Италиялық белгілі кинопродюсер Паола Марина Спинаның өзі тапсырды
Алаштың алтын жұрты — Алтайдың төрінде «Ұлттық рух жыршысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды
Өнер туындысын сотталушы мұражай қорына сыйға тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →