×

Наркенже Серікбаева «иіскеуім керек» деген басшысымен татуласты

Наркенже Серікбаева «иіскеуім керек» деген басшысымен татуласты
Скрин

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншісі, ҚР Ерен еңбегі үшін медалінің иегері Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде ауыр айып таққан филармония директоры Ғалымжан Ерназаровпен татуласты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар бір-бірімен татуласып, ортақ келісімге келгенін мәлімдеді.

Армысыздар, Қазақ елі! Кешелі бері маған жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқандарыңызға, рахмет! Алла разы болсын. Бүгін мекемеге келіп, арнайы әкімшіліктен комиссия құрылып, Ғалымжан Ерназаров екеуміз бір-бірімізді түсіністік.  Бір-бірімізден кешірім сұрадық, - деді Наркенже Серікбаева

Филармония басшысының сөзінше, аталған мәселе бойынша арнайы комиссия келіп, екі тараптың арыз-талабын қарастырыған.

Кешеден бері резонанс тудырған мәселе үшін кешірім сұраймыз! Әрбір үйдің мәселесі өз ішінде қалуы тиіс еді. Енді елге тарап кеткеннен кейін облыстық мәдениет басқармасынан және әкімшіліктен комиссия келді. Олар екеуміздің талаптарымызды, өтініштеріміз қарады. Бір-бірімізге қоятын мәселе жоқ. Ешқандай дау-дамай және мәселені ушықтырып керек емес, деді  Ғалымжан Ерназаров.

 Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, филармония директоры тарапынан анайы ұсыныс естігенін мәлімдеген болатын. Одан кейін филармония басшысы да жауап берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →