×

Қуыршақ театры Еуропадағы ең беделді «AVIGNON OFF» фестиваліне қатысады

Ұлттық қуыршақ өнерінің темірқазығы саналатын Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Францияға аттанады.

Қуыршақ театры Еуропадағы ең беделді «AVIGNON OFF» фестиваліне қатысады
Қуыршақ театры

Театр Франция мемлекетінде өтетін заманауи театр өнерінің ең ауқымды шараларының бірі «Off Avignon» халықаралық фестиваліне қатысуға жолдама алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәдени тәжірибе алмасады

Тарихы 1947 жылдан бастау алатын әлемдегі ең беделді әрі көрнекті мәдени шара Франция мемлекеті Авиньон қаласында жыл сайын өткізіліп келеді. Бүгінде фестиваль түрлі мемлекеттіңтүкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдарды бір арнаға тоғыстырып, мәдени тәжірибе алмасудың маңызды орталығына айналып отыр.

Қуыршақ театры не ұсынады

Театр аталмыш фестиваль аясында Уильям Шекспирдің классикалық туындысы «Ромео мен Джульетта» спектаклін 16-26 маусым күндері сағат 20:40-та «LaScierie» театры сахнасында ұсынады. Спектакль жастардың таңдау еркіндігі, патриархалды жүйенің қысымы, ұрпақтар арасындағы түсініспеушілік және әлемдегі ұлтаралық таптық, мәдени кедергілер сияқты өзекті мәселелерді қуыршақ өнерінің заманауи үрдісі арқылы көрсетеді. Аталмыш спектакль режиссері талантты Дина Жұмабайдың ерекше шығармашылық қолтаңбасы спектакльге эмоционалды тереңдік пен астарлы символдардықосып, визуалдық және музыкалық шешімдер арқылы көрерменге ерекше әсер қалдырады. Спектакльде көркем қуыршақ пластикасы мен актерлік ойын үйлесімді ұштасып, поэтикалық әрі әсерлі сахналық атмосфера құрылады.

«Off Avignon» фестиваліне қатысу Алматы қуыршақ театрының тарихындағы айтулы белес, ұлттық қуыршақ өнерін әлемдік деңгейде таныстыруға таптырмас мүмкіндік. Біз классикалық шығарма Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын қуыршақ тілімен жаңаша түрлендіріп ұсындық. Спектакльде актерлік шеберлік пен көркем қуыршақ пластикасы үйлесім тауып, көрерменге жаңа эстетикалық әсер сыйлайды. Спектакль өткен ғасырдағы отбасы тарихын ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді қамти келе, мәңгілік өшпес тақырыптарды тереңінен қозғайды. Бұл сапар біздің ұжым үшін үлкен жауапкершілік әрі шабыт көзі», - дейді Мемлекеттік қуыршақтеатрының директоры Алмат Амангелді.

«Ромео мен Джульетта» спектаклі 2024 жылы Канада мемлекеті Оттава қаласында өткен І-ші Халықаралық «Оттава» қуыршақ театрлар фестиваліне тұңғыш рет қатысып, «Гран-При» жүлдесіне, 2022 жылы Болгарияның Варна қаласында өткен «Алтын дельфин» халықаралық фестивалінде «Гран-при», сондай-ақ, «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік дебют»номинацияларын, 2021 жылы Қарағандыда өткен «Сын - шын болсын» республикалық театр фестивалінде «Гран-при» жүлдесін иеленген! 

Театр үшін бірегей мүмкіндік

«Off Avignon» фестиваліне қатысу театр ұжымы үшін зор мәртебе ғана емес, сонымен қатар қазақ қуыршақ өнері мен мәдени болмысын әлем жұртшылығына танытатын бірегей мүмкіндік. Бұл - ұлттық өнердің өзіндік бояуы мен терең рухани мәнін халықаралық деңгейде паш етіп, қазақ мәдениетінің көпқырлылығын көрсетуге жол ашатын, шығармашылық ізденістер мен рухани үндестіктер тоғысатын аса маңызды алаң.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда интерактивті аймақтары бар заманауи балалар кітапханасы ашылады
15.08.2025ж. 21:16

Алматыда интерактивті аймақтары бар заманауи балалар кітапханасы ашылады

Alatau Creative Hub базасында оқу мен шығармашылық кездесулерге арналған жазғы терраса жасақталды.
Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →