×

Алматыда Жастар күніне орай «Alma Love» онкүндігі басталды

Алматыда Жастар күніне орай «Alma Love» онкүндігі басталды

Алматыда 3–12 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне арналған «Alma Love» мерекелік онкүндігі басталды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, әкімдік жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл қала тұрғындарына, әсіресе белсенді жастарға арналған мәдени, спорттық, экологиялық және шығармашылық іс-шараларды ұсынады, деп хабарлайды Qaz356.kz.

Онкүндіктің алғашқы жарқын іс-шарасы – қаладағы көше би топтары мен кәсіби бишілерді жинаған «ALL STYLES BATTLE» би баттлы болды. Қатысушылар түрлі стильде өнер көрсетіп, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Алдағы күндері алматылықтарды жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған экоакцияларға қатысу, стартаптар мен креативті идеяларды таныстыратын жастар және әлеуметтік жобалар көрмесі, квест ойындар мен ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар күтеді. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламада жас орындаушыларға арналған Open Mic форматындағы концерт пен жастар ойын айтып, қала ортасын жақсартуға ұсыныстар бере алатын диалог алаңы да бар.

Онкүндіктің шарықтау шегі 12 тамыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Alma Love» қорытынды фестивалі болмақ. Кіру тегін.

«Жастардың дамуына жағдай жасау және олардың бастамаларын жүзеге асыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы онкүндік аясында түрлі форматтағы шараларды қамтып, әртүрлі қызығушылықтары бар жастарды біріктіруге тырыстық. Барлық алматылықты белсенді қатысып, мерекелік атмосфераны бірге сезінуге шақырамыз», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Хасанкейф – мыңдаған үңгірлер, өзен үстінен салынған көпірлер, патшалар сарайы, мешіттер мен мазарлар мекені
Қонақтар оқушылардан құралған шығармашылық ұжым сахналаған Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянына құрылған көрініс пен ансамбль мүшелерінің концертін тамашалады
Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта «күлкі үшін шектен шығатын» блогерлердің саны көбейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →