×

Қара қабылан: Ваканда жасасын –  блокбастері кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі

Бұл Marvel  студиясының қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі

Қара қабылан: Ваканда жасасын –  блокбастері кинотеатрларда қазақ тілінде көрсетіледі
Gov.kz

Қазақстанда Marvel киноәлемінің жанкүйерлері «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» фильмін қазақ тілінде көре алады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР МСМ-ге сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кинокартинаның премьерасында еліміз әлемдік деңгейдегі сапалы контентті қазақ тілінде ұсыну бағытында үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Қазақ тіліндегі кинокартиналарға сұраныс артып келеді. Халыққа рейтингі жоғары фильмдерді қазақ тілінде көрсету – идеологиялық тұрғыдан да аса маңызды. Осы мақсатта біз голливудттық жаңа туындыларды ана тілімізге дубляждау бойынша арнайы жобаны қолға алған едік. Тілге деген ең үлкен қолдау – оны қолдану. Бүгінде ана тілімізде сөйлейтін жастар да, оны үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдерінің де қатары артып келеді. Сондықтан қазақтілді контентті бірге дамытайық», – деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, «Қара қабылан: Ваканда жасасын!» - Marvel  студиясының қазақ тілінде шығарған жетінші фильмі.10 қарашадан бастап 16 жастан асқан көрермендер блокбастерді еліміздің барлық кинотеатрларында көре алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →