×

Этникалық қазақ Парижде «Kiz Jibek» әтірін нарыққа шығарды

Этникалық қазақ Парижде «Kiz Jibek» әтірін нарыққа шығарды

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияда тұратын этникалық қазақ, кәсіпкер Нұржан Төлегенмен кездесті. Бұл кездесу қазақ мәдениеті мен рухани мұрасын шет елде насихаттап жүрген шығармашыл жасты қолдауға бағытталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Нұржан Төлеген бұл әтір 17 ғасырдағы қазақ даласының «Қыз Жібек» лирикалық жырын қайта жаңғыртанын ерекше атапөтті. Оның осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанға жасаған сапары өмірін түбегейлі өзгерткен екен. Соның әсерінен пайда болған бұл бренд – Шығыс пен Батысты байланыстыратын жаңа көпір іспетті. Осындай креативті, бастамашыл әрі отаншыл жастарды қолдауға шақырамын. Бұл – бәріміздің ортақ міндетіміз.Сондықтан Төлегеннің жұмысына сәттілік пен толайым табыс тілеймін!»- деді министр.

 Нұржан Төлеген және “Tolegen Paris”


    •    Шыққан тегі: Қытайдың Іле Қазақ автономиялық облысында дүниеге келген. Балалық шағы Құлжада өткен.
    •    Қазіргі мекені: Париж, Франция.
    •    Отбасылық тарихы: Арғы ата-әжесі азамат соғысы кезінде Қытайға қоныс аударған, бірақ қазақ рухын ұмытпаған.
   

Қазақстанға алғашқы сапары:  2021 жылы.

Бұл сапар оны терең шабыттандырған.

“Kiz Jibek” әтірі және оның мәні


    •    Бренд: Tolegen Paris — жоғары сапалы, люкс парфюмерия бренді.
    •    Өнімі: Kiz Jibek — 2025 жылдың мамырында Парижде таныстырылған парфюм.
    •    Шабыт көзі: 17 ғасырдағы қазақтың “Қыз Жібек” лирикалық жыры.


   Мазмұны:

    •    Жусанмен жұпарланған иіс
    •    Махаббат пен еркіндікті жырлайды
    •    Әйелдің күш-қуатына, еркіндігіне тағзым
    •    Сипаттама: Дәстүр мен заманауилықты үйлестіретін туынды.

Халықаралық мәдени ықпалы


    •    “Қыз Жібек” жыры 2008 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұра тізіміне енген.
    •    Парфюм арқылы Шығыс пен Батыстың арасында мәдени көпір құрылып жатыр.

Бағасы

Кәсіпкер тұтынушыны өзімен бірге «еркіндік, мұра және талғампаздықты жырлаған хош иіс сапарына аттануға» шақырады. Люкс санатындағы Kiz Jibek парфюмінің үлкен құтысы (100 мл) 235 еуро, ал кішкентай құтысы (15 мл) 39 еуро тұрады

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында Абайдың 180 жылдық тойына орай мурал салынды
Бүгін, 17:56

Жетісу облысында Абайдың 180 жылдық тойына орай мурал салынды

Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →