×

Талдықорғанда «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті

Талдықорғанда «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті
Жетісу облысының әкімдігі

 Талдықорған қаласының «Абай» мейрамханасында қазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты 10 күндік іс-шаралар аясында «Абай – мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.     

Іс-шараның мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен мәдениетті сіңіру, сондай-ақ Абай шығармашылығын жаңа қырынан таныту. Кеш барысында қатысушыларға Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер ұсынылды.

Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлына арналған бейнеинсталляция мен фотокөрме ұйымдастырылды. Ашық микрофон форматында өткен шығармашылық пікір алмасу қонақтарға өз ой-пікірлерін бөлісуге мүмкіндік берді. Поэзия кешіне жергілікті ақын-жазушылар, өнерпаздар, студенттер мен қала тұрғындары белсенді қатысты.

Жас орындаушылардың музыкалық және поэтикалық қойылымдары көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Бұл кеш – рухани байлық пен ұлттық мәдениетіміздің алтын қазынасы саналатын Абай мұрасын терең танып, оны сезіну мүмкіндігін берген мәнді шара болды. Іс-шара соңында қатысушылар Абайдың шығармаларын ұлықтау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, оның мұрасын кеңінен насихаттауға үн қосты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Майра Мұхамедқызы Парижде жеке концертін өткізді
10.11.2025ж. 12:40

Майра Мұхамедқызы Парижде жеке концертін өткізді

Әншінің халықаралық мансабы дәл осы Парижде басталған
Хасанкейф – мыңдаған үңгірлер, өзен үстінен салынған көпірлер, патшалар сарайы, мешіттер мен мазарлар мекені
Қонақтар оқушылардан құралған шығармашылық ұжым сахналаған Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянына құрылған көрініс пен ансамбль мүшелерінің концертін тамашалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →