×

Жетісу облысында Абайдың 180 жылдық тойына орай мурал салынды

Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді. 

Жетісу облысында Абайдың 180 жылдық тойына орай мурал салынды
Фото: Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді. 

Жобаның ерекшелігі сол, жасанды интеллект арқылы жасалған бейнені суретшілер бір тәуліктің ішінде үйдің қабырғасына бейнелеп шыққан. Муралдың салтанатты ашылуында Абай шығармаларынан көркем оқулар ұйымдастырылды, сол сияқты ойшылдың жастарға арналған ЖИ көмегімен жасалған бейнеүндеуі көрсетілді.

Жергілікті тұрғындар бұл іс-шараның өте әсерлі болғанынан айтады.

Біздің буын Әуезовтің «Абай жолы» романымен, Абайдың «Қара сөздерімен» өстік. Мурал жасау идеясы маған ұнады. Өйткені заманауи технологияларды пайдалану арқылы жастар өз тарихын, ата-бабамыздың мұрасын, ұлы тұлғаларды ұмытпай, қайта жаңғыртады. Қазіргі гаджеттер мен жаһандану дәуірінде жас ұрпақ өз тамырынан ажырап қалмауы керек. Тіпті муралдың жанынан өтіп бара жатып-ақ, көпшіліктің Абай кім болғанын білгісі келетіні сөзсіз, – дейді Текелі қаласының тұрғыны Гүлмира Серікхан.

«Жетісу жастары» КММ директоры Шамиль Ванкеевтің айтуынша, жыл соңына дейін Талдықорған қаласында тағы екі мурал салу жоспарланып отыр, оның біреуі Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналса, екіншісі «Адал Азамат» жобасы аясында жүзеге асырылады.

Ұлы Абайға арналған мурал – бұл ақынның рухани мұрасына көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар шабыт көзі, жастарға үлгі, әрі өңірдің мәдени дамуына қосылған маңызды үлес, – деп түйіндеді Ш. Ванкеев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің  халықаралық фестивалі өтті
Кеше, 15:56

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт
Оның айтуынша, ИКОМОС миссиясының қорытындысы негізінде «Маңғыстау түбегіндегі жерасты мешіттері» номинациясының техникалық бағалауы бар сараптамалық есеп дайындалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →