×

«Абайға құрмет осы ма?»: Саясат Нұрбек желіде қызу талқыланған видеоға қатысты түсініктеме берді

Министр шетелдік қонақтарға құрмет көрсетілгенін айтты

«Абайға құрмет осы ма?»: Саясат Нұрбек желіде қызу талқыланған видеоға қатысты түсініктеме берді
скринфото

Бүгін Үкіметтің баспасөз конференциясына келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абайдың 180 жылдық тойында түсірілген даулы бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, Абай облысында өткен Абайдың 180 жылдық мерейтойына келген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және тағы басқа министрлер мен депутаттарды волонтерлар қоршап, ешкімді жолатпауға тырысқан видеоны әлеуметтік желіде халық қызу талқылап жатыр. Осыған орай сол топ ішінде болған министр Нұрбектен осы видеоға қатысты пікірі сұралды.

“Саясат мырза, сізде волонтерлардың қоршауының ортасында болдыңыз. Сенатор, депутаттар да болды. Неге еріктілерге қоршауға болмайды деп айтпадыңыз. Әлде бірдеңеден аяқ тарттыңыз ба. Олар - 1 курс студенттері. Бұл қаншалықты дұрыс?”- деп сұрады тілші.

Министр ешқандай қоршау емес екенін, бәрі үлкен тойды, Абайдың мұрасын емес, тек сол видеоны талқылап кеткенін айтып қынжылды.

«Біріншіден, ол шараларға 10 күн ішінде тойланған шараларға 40 мыңға жуық адам қатысты. Тәртіпті сақтауға тура келді. Шетелден қонақтар делегациясы, Мұхтардың, Шәкәрімнің ұрпақтары келді. Абайтанушылар болды. Әзербайжан, Қырғызстан, Румыния сияқты елдерден қонақтар келді. Қоршау емес ол. Мен жеке пікірімді айтайын. Ұлы ақынымыз Абайдың 180 жылдығы әлемдік деңгейде тойланып жатыр. Соны көрсетпей, келген қонақтардан сұхбат алмай, тек қана назарды сол бір фактіге аударып отырсыз. Абай мұрасы өз жайына қалды. Тек қана бәрі осы бір жамандықты талқылап кетті. Абайды құрметтегеніміз осы ма?» - деді министр.

«Сіз волонтерлардың шенеуніктерді ортаға алып, қоршап жүргені мерекенің сәнін бұзды деп отырсыз ба сонда?» деген тілшінің нақтылаушы сұрағына министр оның керісінше келген қонақтарға студенттер тарапына құрмет екенін айтты.

«Одан қандай жамандық көрдіңіздер. Үлкен делегация келді. Соларды құрметтеп ешкім бөгет жасаған жоқ. Шу шыққан жоқ. Келген қонақтарға құрмет көрсетті», - деді Саясат Нұрбек.

Айтпақшы, бұл видео әлеуметтік желіге тараған соң облыс әкімі Берік Уәлидің өзі посттардың бірінің астына пікір қалдырған.

“Волонтерларға осылай жасауға тапсырма берілген жоқ. Олар өздері ұйымдастырыпты. Керісінше біз бұны көріп сол жерде бірден тоқтаттық. Соны басында біреулер түсіріп алып салып жіберіпті.
Облыс әкімінің аппарат басшысы Эльдар Бақпаев пен Парламент Сенатының аппарат басшысы Максим Споткай да еріктілерге ескерту жасап, оларға бұлай жасауға болмайтынын айтып тоқтатты”, - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында Абайдың 180 жылдық тойына орай мурал салынды
Кеше, 17:56

Жетісу облысында Абайдың 180 жылдық тойына орай мурал салынды

Жаңа арт-нысан Текелі қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің шырайын кіргізді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →