×

Бейжіңдегі мәдениет орталығында қазақ тілін меңгеріп, домбыра үйренетін болады - Аида Балаева

Бейжіңдегі мәдениет орталығында қазақ тілін меңгеріп, домбыра үйренетін болады - Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ашылған Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығы  2022 жылы бастау алған идеяның жемісі екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- 2022 жылы екі президенттің деңгейінде шешім қабылданды. Бейжің қаласында қазақ мәдени орталығы, Астана қаласында “Қытай мәдени орталығы” ашылсын деген тапсырма  берілді. Сондықтан екі елдің министрлігі осы орталықтың ашылуына атсалыстық. Бүгін осының нәтижесін көріп отырмыз. Шыныменде, бұл өте тарихи, маңызды оқиға. Өйткені үлкен мегаполис Бейжің қаласының қақ ортасында біздің орталығымыздың ашылуы - ол ең басты біздің мәдени мұрамызды, әдебиетімізді, киномыз болсын, барлығын таныстыруға үлкен мүмкіндік. Сондықтан бұл орталықта кешенді жұмыс болады, - дейді министр журналист Ерқанат Көпжасарға берген сұхбатында.

Қазіргі таңда Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында еліміздің тарихын таныстыруға арналған қолөнер бұйымдары, оның ішінде зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер қойылған. Қазақ киносы мен әдебиетін таныстыратын  көрмелер, шағын кітапхана, сондай-ақ домбыра үйренуге, қазақ тілін меңгеруге арналған екі сынып ашылған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →