×

Жамбылдық оқушылар ЖИ арқылы әзірленген қазақ ертегілерін тамашалады

Жамбылдық оқушылар  ЖИ арқылы әзірленген қазақ ертегілерін тамашалады
Жамбыл облысының әкімдігі

«Jambyl» телеарнасы елімізде алғашқылардың бірі болып жасанды интелект (ЖИ) арқылы қазақ ертегілерінен мультфильмдер топтамасын әзірледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

    Бүгін шығармашылық ұжым жергілікті әкімдікпен, білім басқармасымен бірлесіп мектеп оқушыларына жабық көрсетілім жасады. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ардагерлер мен БАҚ өкілдері, мекеме басшылары,  телеарна ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.

    ЖИ арқылы жасалған мультфильмдердің жалпы саны – 12, ұзақтығы – 20 минут.

    Топтамаға «Қарлығаш пен Дәуіт», «Ақылды шыбын мен жалқау аю», «Түлкі мен тырна» сияқты танымал қазақ ертегілері енгізілген. 

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні барлық салаға енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын.  Бұл бағытта өңірде бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі көрсетілім де соның дәлелі. Ал ертегіні анимациялау туралы идея аймақта іске асырылып жатқан "Әжемнің ертегілері" жобасынан туындаған.   Айта кету керек,  елімізде алғаш рет ЖИ көмегімен дайындалған бұл туындылардың көрерменге жол тартуына облыс әкімдігі мен білім басқармасы қолдау көрсетті. Ал олардың дыбысталуына корпорация құрамындағы «Балапан» телеарнасы мен аймақтағы ардагерлер атсалысты. Ал жобаның дизайнері Жарас Сейсебаев деген азамат,– деді телеарна директоры Гүлбаршын Құланбаева.

    Достыққа, еңбекқорлыққа, туған жердің тарихын насихаттауға бағытталған мультфильмдер топтамасы тек телеарна эфирінде ғана емес, сондай-ақ «Әжемнің әңгімесі» өңірлік жобасы аясында балабақша тәрбиеленушілеріне де ұсынылмақ.

    Жаңа мультфильмдер оқушыларға ерекше әсер сыйлап, танымдық көкжиегін кеңейтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →