×

Аида Балаева Францияның Мәдениет министрімен кездесті

Аида Балаева Францияның Мәдениет министрімен кездесті
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Француз Республикасының Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті.

Тараптар екіжақты мәдени ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Министрлер Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, мемлекет басшыларының екі елге сапары ынтымақтастықты жандандыруға серпін бергенін ерекше атап көрсетті.

Аида Балаева музей ісі, археология және тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты бағыттарда тәжірибе алмасуды дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, қазақстандық мамандарды Францияның жетекші мәдени мекемелерінде тағылымдамадан өткізуді, сонымен қатар бірлесіп киноөндіру, мультипликация және балалар контентін дамытуды ұсынды.

Екі ел мәдениет саласының техникалық бағыттарындағы мамандардың біліктілігін арттыру және оқыту бойынша ынтымақтасуға келісті. Әсіресе, дыбыс режиссерлері, жарық суретшілері, технолог-суретшілер, бейнеинженерлер, сахна машинистері, сахналық костюмдер суретшілері, бутафор-декораторлар, гримёр-постижёрлер және басқа да тапшы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға ерекше назар аударылатын болады.

Өз кезегінде Рашида Дати Қазақстанның мәдени мұраны сақтау ісіндегі жұмысын оң бағалап, екі елдің салалық мекемелері арасындағы тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қарсаңында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде отандық ұлы композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шара шетелдік көрерменге Қазақстанның бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Концерт жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің  халықаралық фестивалі өтті
Бүгін, 15:56

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт
Оның айтуынша, ИКОМОС миссиясының қорытындысы негізінде «Маңғыстау түбегіндегі жерасты мешіттері» номинациясының техникалық бағалауы бар сараптамалық есеп дайындалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →