×

Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауы басталды

Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауы басталды
Фотограф: Самат Құсайынов

 Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан халықаралық байқауға биыл 52 орындаушы қатысуда, деп хабарлайды Qaz365.kz
Бақ сынауға отандық опера әншілерімен қатар Армения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, сондай-ақ Италияда еңбек етіп жүрген Қазақстан мен Украинаның жас таланттары да келді.  
Қазылар алқасының төрайымы – КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. 
Салтанатты шараға Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген де қатысты. Ол Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына ерекше тәнті екенін жеткізіп, өзінің шығармашылық жолындағы жетістіктеріне ұстаздық пен ақыл-кеңестерінің зор ықпал еткенін атап өтті. Әнші конкурсанттарға шабыт тіледі. 
Сахна төрінде байқаудың бұрынғы жеңімпаздары да өнер көрсетті. Олар атақты опералық шығармаларды орындап, көрермендерге бекзаттық өнердің әсерлі атмосферасын сыйлады. 

Байқау туралы ақпарат: 
Байқау іріктеу және финалдық кезеңнен тұрады. Барлық тыңдалымдар қазылар алқасы мен көрермен алдында өтеді. Финалға 12–14 қатысушы жолдама алады.  
Жеңімпаздарды беделді атақ, қомақты ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ классикалық, халық және қазақстандық шығармаларды үздік орындағаны үшін арнайы жүлделер күтеді. 
Қатысушылардың өнерін вокалдық өнердің танымал шеберлері кіретін халықаралық қазылар алқасы бағалайды. 
Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы өнер әлемінде көптеген жаңа есімдерді танытты және жас таланттар үшін маңызды бастау алаңына айналды. Оның басты мақсаты – жаңа буынды адамгершілік пен рухани сұлулықта тәрбиелеу, сондай-ақ классикалық халық музыкалық мұрасын сақтау және насихаттау. Бүгінде байқау лауреаттары әлемнің жетекші опера сахналарында табысты өнер көрсетіп, Қазақстанды лайықты дәрежеде танытуда. Сонымен қатар байқаудың географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. 
Естеріңізге сала кетейік, Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде екі жыл сайын өткізіліп келеді. Келесі жылы байқауға 25 жыл толады. 
Қатысушыларға қолдау көрсету үшін іріктеу кезеңінің күндері – 26-28 қыркүйек аралығында сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залына келуге болады. 
Финалдық тур 30 қыркүйекте Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында өтеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің  халықаралық фестивалі өтті
Бүгін, 15:56

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Оның айтуынша, ИКОМОС миссиясының қорытындысы негізінде «Маңғыстау түбегіндегі жерасты мешіттері» номинациясының техникалық бағалауы бар сараптамалық есеп дайындалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →