×

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып келді. Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында «Stranger» атты жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әртісті жанкүйерлері Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда ерекше ықыласпен қарсы алды. Димаштың Instagram парақшасында жарияланған видеода оның тыңдармандары гүл, сыйлық, плакаттар алып келіп, сүйікті әншілерінен қолтаңба алуға асыққаны көрінеді. Әуежайға кішкентай көрермендер де келіп, сүйікті өнерпаздарын қуана қарсы алды.

Ыстық ықыластарыңызға алғыс айтамын, – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жанкүйерлер де өнер иесіне жылы лебізін білдірген:

«Біздің арамызда мұхит пен қашықтық қана бар, ал қалғанын сенің дауысың жақындатады! Ұлы шоуыңды асыға күтеміз».

«Бұл кеште Нью-Йорк әуежайы Димаш есімін ұрандатқан махаббат пен қуаныш теңізіне куә болды».

«Шаршағанына қарамастан, ол әр жанкүйеріне көңіл бөліп, қуаныштарын бірге бөлісті. Сол үшін біз оны ерекше жақсы көреміз».

«Бүкіл әлем өз сүйікті кумирін асыға күтіп отыр! Нью-Йорктегі концертіңіз сәтті өтсін!»

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде халықаралық «Әдебиет.Рух.Қоғам» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
30.09.2025ж. 15:06

Ақтөбеде халықаралық «Әдебиет.Рух.Қоғам» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →