×

«Бізге бейбітшілік керек»: Димаш Құдайберген Madison Square Garden-дегі концертін қорытындылады

Әнші деректі фильм әзірлеп жатқанын хабарлады.

«Бізге бейбітшілік керек»: Димаш Құдайберген Madison Square Garden-дегі концертін қорытындылады
dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі аңызға айналған Madison Square Garden сахнасында өткен жеке концертінен кейін көрерменге алғыс білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі бұл кешті өзінің орындалған арманы деп атап, оған үлес қосқан барлық адамға – командасына, музыканттарға және әр тыңдарманына шынайы ризашылығын жеткізді.

Музыка бізді біріктіріп, соның нәтижесінде Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен жүрекке, жаннан жанға жетеледі, - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Концерттің шарықтау шегі – әншінің үш жылдан астам уақыт бойы дайындалған авторлық туындысы болды. Бұл шығарма төрт әлемдік діннің музыкалық және рухани сарындарын біріктіріп, бірлік пен бейбітшіліктің үнін жеткізді.

Madison Square Garden көрермендері туындыны аяқтарынан тік тұрып тыңдап, ұзақ уақыт қол соғып, өз сезімі мен бейбітшілікке деген үмітін бөліскендей әсер қалдырды.

Толқып тұрған Димаш көрерменге қарап:

Бізге бейбітшілік керек, – деді.

Кеш соңында әнші Нью-Йорктегі осы тарихи концерт туралы «Арман тарихқа айналғанда» атты деректі фильм әзірлеп жатқанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
03.10.2025ж. 10:31

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 
Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →