×

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтті

Қызылордада «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фестивалі өтті
Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордадағы Өнер орталығында «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің гала-концерті өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының ұйымдастыруымен өтті.

Фестивальге Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен және елімізден белгілі ғалымдар, зерттеушілер, мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам өкілдері қатысты. «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова мен аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, түркі халықтарының мәдени байланысын нығайтудың маңызын атап өтті.

Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 12-ші саммитіндегі сөзін мысалға келтіріп, фестивальдің түркі елдері арасындағы рухани бірлікті арттырудағы рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ Қорқыт баба мұрасының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілуі — түркі елдерінің ортақ еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

Гала-концертте қазақ жыраулары мен жыршылардың орындауында ұлттық өнердің бай мұрасы насихатталды. Сыр өңірінің өнерпаздары Елмұра Жаңаберген, Ұлжан Байбосынова, Ақмарал Ноғайбаева, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева және басқа да жыршылар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Ресейдің Алтай Республикасынан келген Урмат Ынтаев пен Айдын Орсулов көмеймен айту дәстүрін таныстырды.

Әзербайжанның «Карабах» мұғамшылар тобы, Қырғызстанның қомызшылар ансамблі, Өзбекстанның «Шашмақом» тобы және Алматының «Арқайым» нео-этно ансамблі ұлттық және заманауи бағыттағы туындыларын орындады. Тыва елінен келген «Эш» фольклорлық дуэті мен Түркияның Синан Барыш, Камбер Нар сынды өнерпаздары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Фестиваль түркі халықтарының ортақ музыкалық және рухани мұрасының жалғастығын паш етіп, бауырлас елдердің мәдени ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытау облысында Қайрат Байбосыновтың мерейтойы аталып өтті
Кеше, 16:51

Ұлытау облысында Қайрат Байбосыновтың мерейтойы аталып өтті

Кеш соңында шәкірттері мен Жаңаарқа жұртшылығы атынан Қайрат Әукенұлына автокөлік кілті табыс етілді
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде ақын шығармашылығының ерекшелігін атап өтті
Түркістан қалалық сазды-драма театрының құрылғанына 25 жыл толды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →