×

Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті

Мемлекеттік Әнұран авторының суреті бейнеленген үлкен көркем мозаика ұсынылды

Атырауда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай Атырау өңірінде ауқымды мәдени және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Он күнге созылған мәдени-көпшілік іс-шара аясында  “Ұрпағым, саған айтам…” көркемсөз оқу байқауы, ақынның туған жеріне саяхат және Ашақ төбесіндегі обелискке тағзым ету рәсімі, “Ұлт өлеңнің үштағаны” атты жыр кеші, “Жұмекен жырлары – ғасыр үні” әдеби-танымдық конференциясы, сондай-ақ “Жыр-Жұмекен” поэзия фестивалі ұйымдастырылды. Ал мерейтой “Менің Қазақстаным!” республикалық ақындар айтысымен қорытындыланбақ. 

Мерейтой аясында ақын рухына тағзым етіп, елдік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Менің Қазақстаным!» мерекелік концерті өтті. Кешті 8 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Кеш басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, сахна төрінде ҚР Мемлекеттік Туы мен Жұмекен Нәжімеденовтің суреті бейнеленген үлкен көркем мозаика ұсынылды. Бұл ерекше көріністі екі мыңнан астам студент бірігіп жасады. Ал мектеп оқушылары көк тумен салтанатты шеру өткізіп, ақынның ұлт рухын дәріптеген жырларына құрмет көрсетті.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов жиналғандарды облыс әкімі Серік Шәпкеновтің атынан құттықтап, Жұмекеннің Нәжімеденовтің қазақ әдебиеті мен руханиятындағы айрықша орнын атап өтті.

– Атырау жері – ақын-жазушыларға, жыр жүйріктеріне бай өлке. Солардың ішіндегі дара тұлға – Жұмекен Нәжімеденов. Оның шығармашылығы – ұлттық рух пен елдік бірліктің көрінісі. Осыған орай өңірде бірнеше күн ақынды ұлықтауға арналған іс-шаралар өтті. Бүгінгі жиын – сол мәдени бағдарламалардың қорытындысы, – деді ол.

Мерекелік іс-шараға 3000-нан астам адам қатысты. Олардың арасында студенттер мен мектеп оқушылары, шығармашылық ұжымдар және мәдениет саласының өкілдері болды. Кеш барысында облыстық «Нарын» және Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрлері, дәстүрлі әншілер мен аймақ өнерпаздары өнер көрсетті.

Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған бұл мәдени іс-шара – ақын мұрасын ұлықтап, жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілікті, рухани бірлікті дарытуды мақсат еткен мерейтойлық онкүндіктің қорытындысы болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Бүгін, 11:34

Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері басталды
Кеш соңында шәкірттері мен Жаңаарқа жұртшылығы атынан Қайрат Әукенұлына автокөлік кілті табыс етілді
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов өз сөзінде ақын шығармашылығының ерекшелігін атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →