×

Он төрт жасар зағип қыз өз даусымен көрерменді баурап алды

Ол "Qazaqstan дауысы" телешоуында өнер көрсетті

Он төрт жасар зағип қыз өз даусымен көрерменді баурап алды
YouTube / The Voice of Qazaqstan

Оралдағы нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы 14 жастағы Мөлдір Базарбай қазақстандықтарды дауысымен тәнті етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мөлдір Базарбай “Qazaqstan дауысы. Балалар” телешоуының “көрмей таңдау” кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Қыз төрт тәлімгерді де өзіне қаратты.

Жас қазақстандық церебральды сал ауруымен ауырады, бірақ бұл оның музыкаға деген құштарлығына еш кедергі келтірмейді. Ол бос уақытында пианинода, домбырада, сазсырнайда ойнайды.

Талантты қыздың арманы – үлкен сахнада өнерімен жұртты таң қалдыру.

“Екі көзімнің көрмеуі – мен үшін өмірден түңілетіндей жағдай емес. Он екі мүшесі сау бола тұра, қолын бір сілтей салатын жандар бар. Бірақ мен ондай жандардың қатарынан емеспін”, – деді Мөлдір.

Ол өзінің тәлімгері ретінде Мархаба Сәбиді таңдады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
Кеше, 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →