×

Ыбырай Алтынсаринге қойылған ескерткіш қоладан емес, арзан жезден жасалған болып шықты

Сондай-ақ ескерткіштің биіктігі де құжат бойынша жоспарланғандай болмай шықты

Ыбырай Алтынсаринге қойылған ескерткіш қоладан емес, арзан жезден жасалған болып шықты
facebook.com/saintdid

Алматы қаласындағы Ыбырай Алтынсаринге қойылған ескерткіш қоладан емес, арзан жезден жасалған болып шықты. Сондай-ақ ескерткіштің биіктігі де құжат бойынша жоспарланғандай болмай шықты. Мемлекетке шамамен 70 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының жетекшісі Бауыржан Мақұлбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Былтыр қараша айында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Алматы қаласындағы ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге қойылған ескерткіштен шикілік шыққанын жазып еді.

Оның айтуынша, 2021 жылы орнатылған ескерткіштің құжат бойынша биіктігі – 750 см, ал шын мәнінде 527 см. Айырмашылық – 223 см.

Қоғам белсендісі ескерткіштің биіктігін арнайы өлшеп, ескерткіштің техникалық сипаттамасында көрсетілген құрамына қатысты да күмән келтірген еді.

2021 жылдың 30 желтоқсанында Алматы қаласында ұлт ұстазы атанған Ыбырай Алтынсаринге арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылуына Алматы қаласының сол кездегі әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Қола мен граниттен жасалған, биіктігі алты метрлік деп таныстырылған ескерткіштің авторлары – Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →