×

Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай жаңа мұражай ашылды

Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай жаңа мұражай ашылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ғизат Әліпов ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі, көрнекті ақын және жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара ақынның білім алған мектебінде ұйымдастырылып, оның бай шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталды. Шараға Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев, қоғам қайраткерлері, белгілі ақын-жазушылар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Жиынның ең маңызды бөлігі – Жұмекен Нәжімеденовке арналған жаңа мұражайдың салтанатты түрде ашылуы болды. Мұражай экспозициясында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сирек материалдар, қолжазбалар мен мұрағаттық құжаттар қойылып, келушілерге тұлғаның өнер жолын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Қатысушылар сонымен бірге Ұлттық музей мен облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің экспозицияларының виртуалды нұсқаларын тамашалап, ақын мұрасына заманауи форматта көз жүгіртті.

Еске алу шарасы концерттік бағдарламаға жалғасып, Жұмекеннің әндері шырқалып, оның өлеңдері мен арнау жырлары оқылды. Қонақтар қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның ұлттық руханияттағы орнын ерекше атап өтті.

Жиын соңында ас беріліп, келгендер ақынның рухына тағзым жасалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →