×

Назарбаев университетіндегі орталық жыл үздігі деп Қайрат Нұртасты таныды

Назарбаев университетіндегі орталық жыл үздігі деп Қайрат Нұртасты таныды
instagram.com/kair_n/

Назарбаев университеті жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртастың 2025 жылдың үздік орындаушылары атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың басты тұлғалары жайлы тізімді жариялады. Зерттеулерінің нәтижесіне қарасақ, көптің айтуы бойынша үздік орындаушылар қатарында жиі аталғандар – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас болған.

«Үздік орындаушылар қатарында жиі аталғандары – Димаш Құдайберген мен Қайрат Нұртас болды. Тізімге жаңа музыкалық толқын өкілдері – Sadraddin, ALEM, «Ирина Кайратовна» тобы, Yenlik, Александр Лим, Raim, Молданазар, NINETY ONE, сондай-ақ кеңінен танылған орындаушылар – Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова және басқалар енді. Музыкалық талғамдар дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімін көрсетеді: этно-поптан бастап заманауи қалалық мәдениетке дейін», — деп мәлімдеді Ұлттық талдау орталығы.

Сондай-ақ, Apple Music платформасындағы Top-100: Kazakhstan чартында қазақстандық орындаушылар жоғары орындарды иеленіп жатыр. Мысалы, ALEM-нің «Kuiim» композициясы 3-орында тұрса, Yenlik-тің «16 Qyz» әні әлемдік әртістермен қатар 10-орынға жайғасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Кеше, 16:21

Президент Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Көптеген образдарды шебер сомдаған актер көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді
«Транссібір экспресі», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», т.б фильмдерде сомдаған рольдері арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →