×

«Руың кім?» жайлы даудан кейін Tigers Films фильм түсіруді тоқтатты

«Руың кім?» жайлы даудан кейін Tigers Films фильм түсіруді тоқтатты
фильм постері

Енді Tiger Films компаниясы жаңа фильмдер түсірмейді. Кинокомпания фильм өндірісін тоқтататынын ресми түрде жариялады. Бұл шешімді Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты қоғамда туындаған сын мен соған байланысты қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Tiger Films- компаниясының продюсері Алмат Шадмат ресми мәлімдеме жасап бұған дейінгі компанияның қосқан үлесі жайлы да айта кетті.

«Tiger Films кино түсіру жұмыстарын толығымен тоқтатады. Бұл шешім бір күнде қабылданған жоқ. Жағдайды жан-жақты сараптаудың нәтижесі. Қазіргі кино индустрия тұрақсыз, болжап болмайтын үлкен қаржылық жағынан және беделге нұқсат келтіруі мүмкін сала екенін тәжірибе жүзінде көрдік», — деді Алмат Шадмат. 

Ол Tigers Films ары қарай кинотехниканы жалға беру саласына толықтай көшеді. Tigers Films бұған дейін түсірілімін бастап қойған фильмдерді толығымен аяқтайды. 

«Бұл шешімге әсер еткен негізгі факторлардың бірі — біздің фильміміздің Оскар сыйлығына жіберілмеуі үшін туындаған жанжал. Сонымен қатар жекелеген депутаттардың мәлімдемелері нәтижесінде Tigers Films-ке айтарлықдай имидж жағынан да, бедел жағынан да нұқсан келтірілді. Бұл жағдай біз үшін соңғы шешімді қабылдауға түрткі болды. Сонымен қатар бүгінгі жағдайда бізге кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі деген сенім жоқ. Егер компанияның қызметі ашық түрде айыпталса, ал кәсіби еңбегімізге күмән келтірілсе, онда бұл бағытта жұмыс істеудің мән жоқ деп есептейміз», — деді Алмат Шадмат. 

Бұған дейін компания 56 фильм түсірді. Алмат Шадмат осы жобалардың арқасында жүздеген маманның уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті. 

«Бұл тек компанияның жетістігі емес, қазақ киносының дамуына қосқан үлкен үлес болды. Біз жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік беріп, жас мамандардың тәжірибе жинауына және шығармашылық индустрияның кәсіби деңгейінің өсуіне өз үлесімізді қостық. Бұл біз үшін оңай шешім емес. Бірақ саналы, жауапты қабылданған шешім», — деді Алмат Шадмат. 

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қоғамда ру мен жікке бөлінетіндер қарасы көбейіп бара жатқанын, оның елдің тұтастығына қауіпті екенін айтқан болатын. Ол өз сөзінде «Руың кім?» фильмін сынаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Көптеген образдарды шебер сомдаған актер көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді
«Транссібір экспресі», «Атаманның ақыры», «Қыз Жібек», т.б фильмдерде сомдаған рольдері арқылы халықтың сүйіспеншілігіне бөленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →