×

Ширек ғасырдағы Қазақстанның 25 үздік фильмі: сыншылардың таңдауы

Ширек ғасырдағы Қазақстанның 25 үздік фильмі: сыншылардың таңдауы
"Бауырына салу" фильмінен кадр

Жуырда Oner.kz порталы Қазақстан киносыншылар қауымдастығының мүшелеріне ХХІ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген отандық үздік 25 фильмді атау туралы сауал жолдады. Қазақ киносының көркемдік бағытын пайымдаған сарапшылар 25 фильмді таңдады. 

Соңғы жиырма бес жылда ұлттық кино әрқилы жолдан өтті. Бірі нарықтың ығына жығылды, енді бірі авторлық ізденісті ту етті. Осы аралықта режиссерлік қолтаңбасы айқын, ойы терең, формасы жинақы, көрерменге емес, уақытқа қызмет ететін фильмдер туды. Олар бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі ұрпақтың да рухани еншісіне айналуға лайық.

Qaz365.kz кино сыншыларының таңдауы түскен 25 фильмді назарларыңызға ұсынады:

1. Асланның сабақтары (2013) — режиссері Эмир Байғазин
2. Қап-қара адам (2019) — режиссері Әділхан Ержанов
3. Бауырына салу (2023) — режиссері Асхат Кучинчиреков
4. Тұлғалық өсу рейтингі (2018) — режиссері Фархат Шәріпов
5. Бауырлар (2022) — режиссері Дархан Төлегенов
6. Айка (2018) — режиссері Сергей Дворцевой
7. Жылама (2002) — режиссері Әмір Қарақұлов
8. Мадина (2023) — режиссері Айжан Қасымбек
9. Дос-Мұқасан (2022) — режиссері Айдын Сахаман
10. Қызғалдақ (2008) — режиссері Сергей Дворцевой
11. Жол (2001) — режиссері Дәрежан Өмірбаев
12. Кішкентай адамдар (2003) — режиссері Нариман Төребаев
13. Сталинге сыйлық (2008) — режиссері Рүстем Әбдіраш
14. Бақыт (2022) — режиссері Асқар Ұзабаев
15. Әлемнің мейірлі енжарлығы (2018) — режиссері Әділхан Ержанов
16. Әкеге қоңырау шалу (2017) — режиссері Серік Апрымов
17. Жаным, айтсам сенбейсің (2020) — режиссері Ернар Нұрғалиев
18. Аңшы (2004) — режиссері Серік Апрымов
19. Үкілі кәмшат (2024) — режиссері Әділхан Ержанов
20. Отау (2021) — режиссері Әлішер Жәдігеров
21. Қаладан келген қыз (2004) — режиссері Рүстем Әбдіраш
22. Қызжылаған (2002) — режиссері Сатыбалды Нарымбетов
23. Жаңғақ тал (2015) — режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов
24. Қызғылт қоян туралы хикая (2009) — режиссері Фархат Шәріпов
25. Шиза (2004) — режиссері Гүлшат Омарова

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлт трагедиясын сезінген тұлға: Нұрлан Сегізбаев қандай цензураға тап болды?
Кеше, 18:33

Ұлт трагедиясын сезінген тұлға: Нұрлан Сегізбаев қандай цензураға тап болды?

Көбі Қожабергеннің образында танитын Нұрлан Сегізбаев қазақ руханиятына ғұмырын арнаған
Қоштасу рәсімі Дүниежүзілік кино күніне тұспа-тұс келді
Соңғы хатында ол Қазақстанның Жазушылар одағына өтінішін айтқан екен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →