×

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған тарихи кітап пен көркем фильм жарық көрді

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған тарихи кітап пен көркем фильм жарық көрді
Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты тарихи кітаптың салтанатты тұсаукесері және «Оқылмаған хаттар» көркем фильмінің премьерасы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талдықорған қаласында Мерекелік жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жергілікті зиялы қауым мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналып, қатысушыларға бірлік пен татулықтың құндылығын тағы бір мәрте айқындап берді.

Өңір басшысының атынан мерекелік шараға қатысушыларды құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Ассамблеяның 30 жыл ішінде ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы айрықша рөліне тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық татулықты сақтаудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар өңірдегі бірлік пен келісім бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға ерекше мән берді.

«Бүгін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған тарихи кітаптың салтанатты тұсаукесеріне және «Оқылмаған хаттар» атты толықметражды көркем фильмнің алғашқы көрсетіліміне куә болып отырмыз. Бұл шаралар – халқымыздың бірлігі мен татулығының, ел тарихының терең тамыры мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі», – деді Д. Есдәулетов.

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» кітабында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, негізгі кезеңдері, сондай-ақ өңірлік деңгейде атқарылған жұмыстар мен тағылымды тәжірибелер кеңінен қамтылған.

Көркем фильм көрермендерге еліміздегі бірлік, татулық, адамгершілік құндылықтары мен тарихи сабақтастықты терең сезінуге мүмкіндік берді. Фильм аяқталған соң қатысушыларды премьерамен құттықтау рәсімі ұйымдастырылып, мазмұнды пікірлер айтылды.

Жыл басынан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өңірде этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жүйелі, ауқымды және нәтижелі жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жалпы саны 64 924 адамды қамтыған 561 іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтуге, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Көбі Қожабергеннің образында танитын Нұрлан Сегізбаев қазақ руханиятына ғұмырын арнаған
Қоштасу рәсімі Дүниежүзілік кино күніне тұспа-тұс келді
Соңғы хатында ол Қазақстанның Жазушылар одағына өтінішін айтқан екен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →