×

Энрике Иглесиас Қазақстанда екі қалада концерт береді

Энрике Иглесиас Қазақстанда екі қалада концерт береді
John Parra/WireImage

Әлемге танымал әнші Enrique Iglesias Қазақстанда екі ірі концерт өткізеді. Әнші 3 қыркүйекте Астана Арена стадионында, ал 5 қыркүйекте Орталық стадион сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Билеттердің эксклюзивті алдын ала сатылымы 7 наурыз күні сағат 12:00-де басталып, 9 наурызға дейін жалғасады. Бұл кезеңде билеттер тек Freedom SuperApp қолданушыларына қолжетімді болады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттер бағасы орын мен секторға байланысты 45 мың теңгеден басталады. Стадиондағы орын саны шектеулі болғандықтан және сұраныс жоғары болуы мүмкін екенін ескеріп, сатылым электронды кезек арқылы жүргізіледі.

Билетті сатып алған адамға концертке қатысу құқығын растайтын ваучер беріледі. Ал электронды билеттер іс-шара басталуына үш күн қалғанда жіберіледі. Ұйымдастырушылар барлық билеттер қайтарылмайтынын ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →