×

«Оскар-2026» жүлдесін кімдер иеленді? Жеңімпаздардың толық тізімі

«Оскар-2026» жүлдесін кімдер иеленді? Жеңімпаздардың толық тізімі
Richard Harbaugh / The Academy via Getty Images

Лос-Анджелес төрінде кино әлемінің ең беделді «Оскар-2026» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Биылғы кештің басты жұлдызы режиссер Пол Томас Андерсон мен оның «Битва за битвой» фильмі болды. Бұл туынды «Үздік фильм», «Үздік режиссер» және «Үздік кастинг» сияқты маңызды номинацияларды иеленіп, кештің абсолютті триумфаторына айналды,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты кеште бірнеше тарихи сәт тіркелді. Атап айтқанда, «Үздік кастинг» номинациясы биыл академия тарихында алғаш рет берілді. Сондай-ақ, техникалық және шығармашылық бағыттар бойынша «Франкенштейн» және «Грешники» фильмдері де бірнеше мүсіншені қоржынға салды.

Төменде «Оскар-2026» сыйлығының негізгі номинациялары бойынша жеңімпаздар тізімі берілген:

Үздік фильм

Жеңімпаз: «Битва за битвой» — продюсерлері Адам Сомнер, Сара Мерфи және Пол Томас Андерсон.

Үздік режиссер

Жеңімпаз: Пол Томас Андерсон — «Битва за битвой».

Үздік актер

Жеңімпаз: Майкл Б. Джордан — «Грешники» (Күнәһарлар).

Үздік актриса

Жеңімпаз: Джесси Бакли — «Гамнет».

Екінші пландағы үздік ер адам рөлі

Жеңімпаз: Шон Пенн — «Битва за битвой».

Екінші пландағы үздік әйел рөлі

Жеңімпаз: Эми Мэдиган — «Орудия» (Қарулар).

Үздік кастинг

Жеңімпаз: кастинг-директор Кассандра Кулукундис («Битва за битвой»).

Үздік бейімделген сценарий

Жеңімпаз: Пол Томас Андерсон («Битва за битвой»).

Үздік түпнұсқалық сценарий

Жеңімпаз: Райан Куглер («Грешники»).

Үздік шетелдік фильм

Жеңімпаз: «Сентиментальная ценность» (Норвегия).

Үздік анимациялық фильм

Жеңімпаз: «Кей-поп охотницы на демонов».

Үздік музыка (саундтрек)

Жеңімпаз: Людвиг Горанссон («Грешники»).

Үздік визуалды эффектілер

Жеңімпаз: «Аватар: Огонь и пепел».

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақ халық ертегілері желісі бойынша «Алдар Көсенің хикаялары» спектаклін қойды
Спектакльде ата-ана қадірін ұмытқан ұрпақ, адамгершілік пен перзенттік парыз тақырыбы кеңінен қозғалады
Кеш Алмасбек Алматовтың мерейтойына арналды  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →