×

Жастар қазақтың ұмыт қалған тағамдарының дәмін татып көрді: Ақтөбеде Наурыз қалай тойланып жатыр?

Жастар қазақтың ұмыт қалған тағамдарының дәмін татып көрді: Ақтөбеде Наурыз қалай тойланып жатыр?

16 наурыз – салт-дәстүр мен мәдениет күні аясында Ақтөбе қаласының жастарының ұйымдастыруымен жастарға арналған тағылымы мол, мазмұнды «Жастар ауылы» этно-танымдық алаңы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттау және дәстүр сабақтастығын жалғастыру болып табылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара барысында арнайы тігілген киіз үйдің іші ұлттық нақышта безендіріліп, келушілерге қазақ халқының ұмыт бола бастаған дәстүрлі тағам түрлері кеңінен таныстырылды. Жастар ұлттық ас мәзірінің ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, олардың дайындалу жолдары мен тарихы туралы мағлұмат алды. Бұл өз кезегінде жастардың ұлттық тағамдарға деген қызығушылығын арттырып, ата-баба мұрасына деген құрметін нығайтты.

Сонымен қатар, алаңда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жастар белсенді түрде қатысып, өзара бақ сынасты. Асық ату, арқан тарту сынды ойындар арқылы қатысушылар ептілік пен жылдамдықтарын көрсетіп, ұлттық ойындардың мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Мерекелік шара барысында ұлттық әуендер шырқалып, қазақтың дәстүрлі ән-күйі орындалды. Әсем саз бен рухани құндылықтарға толы музыкалық бағдарламалар көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, ұлттық рухты асқақтатты.

Аталған іс-шара жастардың бойында ұлттық сана мен мәдениетке деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттауға бағытталды. «Жастар ауылы» – тек мерекелік алаң ғана емес, ұлттың рухани байлығын дәріптейтін, өткен мен бүгінді жалғайтын маңызды мәдени бастамаға айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →