×

Қазақстанда Кітапханашылар күні өзгерді

Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана бар

Қазақстанда Кітапханашылар күні өзгерді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Енді қазақстандық кітапханалар үшін кәсіби мереке 23 сәуірге белгіленді. Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнімен сәйкес келеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мерекелердің осылайша бір күнге тоғысуы оның мән-маңызын арттыра түсіп, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орны ерекше екенін айқындайды.

Жаңа күннің белгіленуі кітап мәдениетінің қоғамдық және кәсіби маңызын ұштастырып қана қоймай, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Бұл салада 20 мыңнан астам маман еңбек етеді.

Айта кетейік, бұл күн ЮНЕСКО бекіткен Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен де сәйкес келеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әйгілі «Зита және Гита» үнді фильмі қазақша түсіріледі
03.04.2026ж. 23:22

Әйгілі «Зита және Гита» үнді фильмі қазақша түсіріледі

Кинотуындыда комедия, мелодрама, музыкалық нөмірлер және отбасылық драма элементтері біріктірілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →