×

Мақсат Толықбай Көлгіновке: Түркістанға барғанда бір ұятты жағдайды көрдік

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің тұзы шығып тұр

Мақсат Толықбай Көлгіновке: Түркістанға барғанда бір ұятты жағдайды көрдік
Lola Chatz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі мүшкіл жағдайы туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Сайлау кезіндегі үгіс-насихат барысында Түркістан өңіріне барғанбыз. Сол сапар барысында біз шұғыл шешуді талап ететін бір ұятты жағдайды көрдік. Ол – Қазақ мемлекетінің ғаңа емес, әлемнің тарихында ойып тұрып орын алған, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген,  VI – ғасырдан астам уақыттың куәсі болып, мемлекетіміздің бойтұмарына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі мүшкіл жағдайы”, – дейді Мақсат Толықбай.

Ол кесене қабырғалары ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопсып, тұзы шығып жатыр. Тұз осы 2-3 жыл бұрын ғана пайда болды. Себебі, кейінгі жылдары мавзолейдің алдында көгалдандыру, жасанды абаттандыру жұмыстары жүрді. Ғимараттың ішіндегі ылғалдылықтың шектен тыс артуынан күмбездің бетіне қара дақтар пайда болған. Дымқылдан жарылған сылақтар көзге анық көрінеді. Қызметкерлер туристердің төбесінен сылақ түсіп жүрмесін деп, тайқазанның аумағын қызыл лентамен қоршап қоюға мәжбүр деп айтты.

“Ал абаттандырудың қызығына кенелген жергілікті әкімдік, мамандардың дабылына құлақ асар емес. Ғалымдардың айтуынша, кесененің әу бастағы жобасын ғылыми тұрғыда зерттеп алмай, жыл сайын реставрация жүргізу- қыруар ақшаны далаға шашқанмен бірдей. Өйткені, кесененің алдында тұрған кірпіштер мен астында ғасырлар бойы жатқан қамысты алып тастап, ол жерге жалтыраған бетон гранит тақталар қойған соң ылғал тартып жатқанын айтады. Сондай-ақ күмбездегі тесіктерді бітеп қана қоймай, ішкі жағын қалың гипспен бес елідей етіп жапқан”, -дейді депутат.

Ол 2021-2022 жылы аталмыш кесенеге зерттеу-сараптау жұмыстарын жүргізген «Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «қанағаттанарлық» деп қана баға берген.  Мінекей, осындай олқылықтардың кесірінен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жер астына кетіп қалу қаупі төніп тұр деп айтты. 

“Құрметті Көлгінов мырза! атамыз қазақ «Өткенін жоғалтқанның – келешегі жоқ» деген сөзді бекер қалдырмағаны анық. Біз бүгін , VI – ғасырдан астам уақыт күллі Түркі-Тұран халқының ұлы жәдігері, Қазақ мемлекетін сан ғасырлық сынақтардан аман алып өткен хандар мен Билердің, батырлар мен қайраткерлердің пантеоны, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін сақтауға міндеттіміз.  Біз көтерген мәселе 2023 жылдың 10-25 қыркүйегінде Сауд Арабия мемлекетінің Эр-Рияд қаласында өтететін Бүкіләлемдік мұра комитетінде талқыланбақ. Алайда, арқаны кеңге салып күтіп отыратын уақыт жоқ”, - дейді Мақсат Толықбай

Ол вице-премьерден кесененің айналасындағы сапасыз, олқылықтары көп құрылыстарды кешіктірмей реттеуге және кесенеге төнген қауіптің алдын алуға назар аударуын сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →