×

Бәленің бәрі сол адамда болып тұр: Оразымбетованың экс-әріптесі шындықты айтты

Ондай кезде ұйымдастырушылардың өздері фонограммамен айтуға кеңес береді

Бәленің бәрі сол адамда болып тұр: Оразымбетованың экс-әріптесі шындықты айтты
Фото: Instagram/"Таңшолпан": UGC

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген артисі Гүлнұр Оразымбетовамен бірге Qazaqstan ұлттық арнасында «Таңшолпан» бағдарламасын  жүргізген экс-әріптесі Данияр Есен желідегі шуға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Кешеден бері әлеуметтік желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың шахмат турнирінде ән айтып жатқан видеосы тарап кетті.  Халық жерден алып, жерге салып жатыр. Істің мән-жайына толық көз жеткізбейінше, қандай да бір пікір айтуға асықпау керек. Мен – кәсіби телевизия маманымын. Монтаж, техника тілін бір кісідей түсінемін, – дейді Данияр Есен.


Ол Гүлнұр фонограммамен айтып жатқанын мойындады. Оны жасырып-жабудың қажеті жоқ. Фонограммамен айтатын жерлер болады. Мысалы, кейбір залдарда қанша жерден жанды дауыста айтамын деп құлшынсаң да, айта алмайсың. Себебі, залдың акустикасы нашар. Немесе музыкалық аппарат техникалық жағынан сай емес. Ондай кезде ұйымдастырушылардың өздері фонограммамен айтуға кеңес береді деп отыр.


Мұндай кезде залға фонограмманың дауысы естіліп тұрады. Микрофон қосылып тұрады. Бірақ микрофондағы дауыс жәй ғана шығады. Сондықтан фонограммамен айтқанда көп әншілер толық дауысын пайдаланбайды. Тек жанама қосылып тұрады. Микрофондағы дауысты телевизиялық пультте отырған маман ғана ести алады. Бәленің бәрі сол адамда болып тұр. Тек микрофонның дауысын алып, халыққа таратып жіберіп отыр. Микрофондағы дауыстың өзін бұрмалағаны байқалады, – дейді журналист.


Ол үлкен залда беріліп жатқан есептік концерт емес. Жеке шығармашылық кеш емес. Сол себепті барлық дауыс мүмкіндігін пайдаланудың қажеті жоқ деп санайды.

Бір сөзбен айтқанда, қасақана істеліп отырған әрекет. Әлгі адамды Гүлнұр сотқа берсе, 100 пайыз жеңіп шығады. Енді менің айтайын дегенім, Гүлнұр – жақсы әнші. Дауысында өзіндік бояуы бар әнші. «Қорқыт» әнінен басталған әншілік жолы өте сәтті өтіп жатыр. Гүлнұрдың орындауындағы көп әндер халық арасына кең тарап, хитке айналды. Оны мойындау керек. Көпшілігіңіз Гұлнұрдың орындауындағы әндерді сүйсініп тыңдайсыздар, – дейді Данияр Есен.


Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен әйелдер арасындағы шахмат турнирінің жабылу салтанатында ән шырқаған Гүлнұр Оразымбетова ұятқа қалған болатын. Ол "Көке өрле" атты әнін айтқан кезде тынысы жетпей қалған видеосы тараған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →