×

"Көшірмесі болып қаласың": Танымал әнші жастарды Димашқа еліктемеуге шақырды

Әлиханға төрт тәлімгердің үшеуі бұрылды

"Көшірмесі болып қаласың": Танымал әнші жастарды Димашқа еліктемеуге шақырды
коллаж Qaz365.kz

Qazaqstan ұлттық арнасындағы балалар арасындағы «Қазақстан дауысы» жобасында тәлімгер Мархаба Сәби жас әншіге Димаш Құдайбергенге еліктеудің қажеті жоқ екенін ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жобаның «Көрмей таңдау» кезеңіне 13 жастағы Астана қаласының тұрғыны Әлихан Нұрлыбек деген жас әнші келген. Ол  Қытайдағы I аm a Singer музыкалық жобасында Димаштың шырқауымен танымал болған француз тіліндегі  SOS d›un terrien en détresse әнді орындады. 

Әлиханға төрт тәлімгердің үшеуі бұрылды. Тек Жұбаныш Жексенұлының көңілінен шықпады. 

Ал Мархаба Сәби жас жеткіншекке өзінің пікірін айтты.

“Вокалдық аспапты игеру деңгейі өте жоғары. Бірақ мұндай дауыста ән айта алатын біздің Димаш деген жұлдызымыз бар. Оның жолын қайталаудың керегі жоқ. Барлық сана-сезіміңмен Димашқа еліктеп тұрсың. Сені басқаша көргім келеді. Димашты қайталап, сол жолмен кетсең, жай ғана көшірмесі боласың. Мен өз алдында жеке-дара Әлиханды көргім келеді”, - деді Мархаба Сәби.

Бірақ Толқын Забирова бұл пікірмен келіспеді. Оған жас әншінің орындау шеберлігі ұнаған.

“Балалардың көпшілігі мұндай конкурстарға дауыс диапозонын паш ететін әндерді таңдайды. Бірақ оны өздері түсінбей орындайды. Әлихан олардың қатарынан емес екен”, – деді Толқын Забирова. 

Ең соңында Әлихан Нұрлыбек өзіне бұрылған үш тәлімгердің арасынан Толқын Забированы таңдады.

Бір өкініштісі, жас әншінің қазақ тіліне шорқақ екені байқалып қалды. Көбінесе, сұрақтарға орысша жауап берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →