×

Ескендір Хасанғалиев атындағы опера әншілерінің ашық республикалық конкурсы: қайда, қашан

Мақсаты – вокалдық өнер саласындағы жаңа таланттарды анықтау

Ескендір Хасанғалиев атындағы опера әншілерінің ашық республикалық конкурсы: қайда, қашан
Ашық дереккөздерден

2023 жылдың 3-5 мамыр күндері Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Ескендір Хасанғалиев атындағы опера әншілерінің ашық Республикалық конкурсы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының қолдауымен өтетін байқауға еліміздің барлық өңірлеріндегі музыкалық колледж студенттері, Құрманғазы атындағы ҚҰК, Қазақ ҰӨУ студенттері қатысады.

Байқаудың басты мақсаты – вокалдық өнер саласындағы жаңа таланттарды анықтау, қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, конкурсқа қатысушы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде елімізге белгілі опера өнерінің көрнекті өкілдері, белгілі музыканттар, профессорлар шақырылды.  

Байқау регламенті

  1. Байқаудың салтанатты ашылуы:

03.05.2023 ж., 10.00 – Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залы.

 

2. Конкурстық тыңдаулар:

03.05.2023: 11.00 – 19.00 – I тур        (13.00-14.00 – үзіліс)

04.05.2023: 10.00 – 13.00 – II тур        (13.00-14.00 – үзіліс)

04.05.2023: 14.00 – 16.00 – қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік класы

 

3. Байқаудың салтанатты жабылуы, лауреаттарды марапаттау рәсімі, гала-концерт:

05.05.2023: 14.00 – Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залы.

 

Байқау үйлестірушісі: колледж директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары Мукушева Гульмира Курабаевна +7(701) 711-36-45

Колледждің баспасөз хатшысы: Искаков Жулдыз Маратович

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →