×

Алматы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

Іле ауданы тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды

Алматы облыстық Мәдениет басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді
Ашық дереккөздерден

Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»» ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді. Осы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →