×

“Қарғыс тиген”: Жапон дәрігерлері Мейрамбекті емдеуден неге бас тартты

Әншінің ұстазы сол кезде бүкіл қазақ болып Мейрамбекке емші іздегенін еске алады

“Қарғыс тиген”: Жапон дәрігерлері Мейрамбекті емдеуден неге бас тартты
Ашық дереккөздерден

Әнші Мейрамбек Беспаев осыдан 15 жыл бұрын қалай немен ауырғанын айтып, естелігін бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әншінің ұстазы Алтынбек Қоразбаев сол кезде бүкіл қазақ болып Мейрамбекке емші іздегенін еске алады. 

«Кішкене кезімнен тіл-көз дейміз бе, көп ауырдым. Әлі де жетісіп тұрғам жоқ. Екі күннің бірінде шынымен де қаралып тұруға тура келеді. Кішкентай кезімде әйтеуір, емшілер де көбейіп кетті ғой. Сары әулие, қара әулие, түр-түрлі түстерімен болды ғой бізде. Бірақ мен өзім сенбейтін едім. Сонда да мені бір-екі рет емшілерге апаратын», – деді Мейрамбек Беспаев «Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасында.
 

Әншінің ұстазы Алтынбек Қоразбаев болса, Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздардың өте көп болғанын айтады. 

«Мейрамбекке кім ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды. Білесіздер ғой. Қатты ауырды. 80 келілік бала 20-25 келі салмақ тастады, Елдің бәрі анау ауру екен, мынау ауру екен деп, қай-қайдағыны айтты. Жоқ! Мейрамбекке көз тиген. Жасыратын ештеңе жоқ, қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген», - дейді ол.

Алтынбек Қоразбаевтың айтуынша, бүкіл ел болып Мейрамбекке емші іздеген. 
Ал медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Сәбитәліұлы әнші 2007 жылдан бастап емделе бастағанын жеткізді.

«Ең алғаш менің қабылдауыма келіп, көріне бастады. Жапонияда ота жасатамыз деген шешімге бел буғанбыз. Сөйтіп, жапон мамандарымен үш ай бойы хат алмастым. Барлығын болды, келісіп, барлық анализін тапсырып, Жапонияға жақын арада кететін болып шешкен кезде, Мейрамбек туралы ақпарат жіберем ғой. Қазақстанда осындай әнші, атағы бар деп жазған кезде Жапония мамандар «бізге келмесін, ертең жауапкершілікті өз басымызға алуға қорқамыз» деп жазып жіберіпті. Емге алмай қойған да сәті болған», - дейді ол.

Әншінің өзі расында «сен үйленетін болсаң, асылып өлем» деп жазған қыздардың болғанын мойындайды. Бірақ «ешкім өлген жоқ, Құдайға шүкір» дейді. Алайда әнші оның бәрін өзіне қатысты қарғыс деп есептемейтінін де атап өтеді. 

«Қазір күлеміз-ау, пенде кешегі сәтін ұмытып кетеді. Құдайға ғана жалбарынып қалдық. Салмағым 54 келіге дейін түсті. 10 метр жүргеннен кейін тоқтап қалып, демалып алып, сөйтіп жүрген кездер ғой. Маған «рак» деді, анау-мынау деді, неше түрлі әңгіме айтты. Мен Германияда барғанымда, профессор Блюм деген кісі болды. Сол қараған. Ол жай «зоб» дейді. Сол кезде мені алдап жатыр деп ойладым. Мен айтам, «рак» болса, «рак» деп айтыңыз, мен күресейін одан да. Мен алданып отырмайын, өтірік айтпаңыздар деймін. Өтірік емес, шын деді. Сөйтіп, алғашқы кезеңдерде бәрібір күресем деп ойладым», - деп еске алады өткен күндерді Мейрамбек Беспаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →