×

"Ондай әншінің барын білген жоқпын": Мейрамбек Беспаевтың әйелі алғаш танысқан кезін еске түсірді

Қызығы сол, әншінің болашақ жұбайы Мейрамбекті де, «Музарт» тобын да танымаған, тіпті, атын да естімеген көрінеді. 

"Ондай әншінің барын білген жоқпын": Мейрамбек Беспаевтың әйелі алғаш танысқан кезін еске түсірді
Ашық дереккөздерден

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат күйеуімен алғаш танысқан кезін еске түсірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Гүлжан деген сыныптас құрбым Қазақ ұлттық университетінде оқитын. Сол мені студенттердің танысу кешіне шақырды. Мен барғанда сахнада бір топ ән айтып жатыр. Солар айтып болсын, сосын кіргіземін деді. Қыздардың бәрі сахнадағы топқа суретке түсуге жүгіреді. Жалғыз өзім бұрышта тұр едім. Әрі қарай өткізіп жіберіңдерші деп қыздарды күттім. Сосын Мейрамбек өзі келіп, қыздар суретке түсейік деп айтты. Менің жалғыз тұрғанымды көріп, ана қыз суретке түспей ме деп сұрады. Сөйтіп, өзі бастап, қыздардың бәрімен танысып шықты», - дейді Мархабат «Алғашқы» бағдарламасының хабарында. 

Қызығы сол, әншінің болашақ жұбайы Мейрамбекті де, «Музарт» тобын да танымаған көрінеді. Оған дейін атын да естімеген. 

«Танысқан соң, құрбыммен бірге кетіп қалдым. Үйге келген соң, анамнан Мейрамбек Беспаев кім деп сұрадым. Ол «Бозторғайды» айтатын жетім бала деді. Сөйтсем, ол кезде бәрі солай ойлаған көрінеді», -дейді ол.

Желіде осы видеоға пікір жазғандар Мархабаттың сөзіне сенбейтіндіктерін айтуда. Көбісі “танымауы мүмкін емес” деп деп санайды.

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев 2004 жылы 28 жасында шаңырақ көтерген. Жұбайы Мархабат өзінен 10 жасқа кіші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →