×

Елімізде тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі

4 номинация бойынша үздіктерді анықталады

Елімізде тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
CC0 / Paul O'Rear

Елімізде биыл тұңғыш рет дарынды жастарға мемлекеттік қолдау көрсету, ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталады. Бұл туралы жас қаламгерлермен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президеттік әдеби сыйлық негізгі 4 номинация бойынша үздіктерді анықтайды. Үміткерлер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» бойынша өз еңбектерін ұсына алады. Әр номинацияда жеңімпазға 4 млн теңге сыйақы және «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер үміткер бола алады. Өтінімдер 2023 жылғы 1 маусымнан 30 маусымға дейін, қағаз және электронды нұсқада қабылданады. Басты шарт – Президенттік әдеби сыйлыққа ұсынылатын жұмыс осыған дейін халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған, тың туынды болуы керек.

«Мұндай бастамалар отандық әдебиетті дамыту үшін ғана емес, қазақ тіліндегі контентті көбейту үшін, әсіресе балалар әдебиеті саласындағы контентті көбейту үшін қажет. Бүгінде министрлік театр өнеріне үлкен көңіл бөліп отыр. Біздің мақсатымыз-отандық авторлардың қойылымдарының санын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жас драматургтер маңызды рөл атқаратынына сенімдімін»,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →