×

«Әуежайына мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатам»: Зайытов әуе компанияларына сәлем жолдады

Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған еді

«Әуежайына мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатам»: Зайытов әуе компанияларына сәлем жолдады
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат ала алмаған ақын Айшолпан Тілеутайдың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған еді

«Fly Arystan компаниясының қызметкерлері домбыраны ұшаққа кіргізбейсің деп елдің көзінше мені, сосын домбырамды жұлқылады. Бірақ мені жұлқылаған екі қыз менің бұрын бокска қатысқанымды және олардан қарағанда күшім көп екенін білмей қалыпты. 2 қыздың жағама жабысқанына қарамай домбырамды Астанаға өзіммен бірге ұшақпен алып келдім! Жақсы жеттік! Әбден есіріп,елдің құқығын таптап ақшасын жеп жатқан осы компанияға тоқтау салатын біреу бар ма?!» – деді ол желідегі парақшасында.

Бүгін ақын Ринат Зайытов осы мәселені парламентте көтерді.

«Әуе компаниялардың ұлттық аспаптарға қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатыр. Азамат Өмірзақұлы (ИИДМ вице министрі), домбыра деген – ішінде бірде-бір металы жоқ, ағаштан жасалған аспап. Бұл бір. Екіншіден, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деген Қадыр Мырза Әлінің сөзі бар. Әуе компанияларыңызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыздар. Кімдікі болса да, шешіп беріңіздер: қазақтың саусаққа толмайтын 4-5 аспабы бар. Сол аспаптар ұшаққа кіруге рұқсат алсын. Ала алмайды екен – Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық қолдарыңыздар келмесе», - деді Ринат Зайытов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана төрінде Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды
28.09.2024ж. 14:20

Астана төрінде Мұхтар Әуезовтің ескерткіші ашылды

Еңселі ескерткіш Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының алдындағы алаңда орнатылды
9 қыркүйектен бастап, фильм еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіле бастады
Жақында әнші Euronews басылымына эксклюзивті сұхбат берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →