×

Төреғали Төреәліге қатысты сот шешімі шықты

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті

Төреғали Төреәліге қатысты сот шешімі шықты
ашық дереккөзден

Алматы қалалық соты танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды  Qaz365.kz
Ол есірткіге мас күйінде ұсталғанына байланысты 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктер механикалық зақым алған», - делінген хабарламада. 

Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және өкінетінін айтты.

«Сот қаулысы бойынша А. ӘҚКо 608-б, 3-б көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, оған 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды»,- делінген хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
Бүгін, 10:31

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 
Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →