×

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрына ұлттық мәртебе беріледі

Тиісті жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрына ұлттық мәртебе беріледі
azattyq-ruhy.kz

«Жошы хан» қойылымының премьерасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына жаңа мәртебе берілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тарихи драманың авторы – белгілі жазушы-драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Мемлекет басшысы қойылымды тамашалаған соң туынды авторымен және Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымымен әңгімелесті.

Президент театр ұжымына шығармашылық табыс тілеп, өнер ордасына ұлттық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдағанын айтты.

Тиісті жарлық қазан айында Республика күні қарсаңында жарияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
Бүгін, 10:31

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 
Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →