Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті
"Тұмар-2023" Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл бұл ұлттық бәйгеге 7 жыл толып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды.
"Биыл алғаш рет "Үздік спорт комментаторы" және "Үздік анимациялық фильм" номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынады. Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін "Тұмар" мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды", - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.
"Тұмар-2023" Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:
Үздік ақпараттық бағдарлама
"Дневной формат" – "Atameken Business" телеарнасы
Үздік әлеуметтік жоба
"Жанашыр" – "Жетісу" телеарнасы
Үздік журналистік зерттеу
"Арнайы репортаж" – "Хабар 24" телеарнасы
Үздік аналитикалық бағдарлама
"Apta" – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы
Үздік ток-шоу
"1001 түн" – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
"Түнгі студия" – "Jibek Joly" телеарнасы
Үздік деректі фильм
"Абайдың соңғы күндері" – "Хабар" телеарнасы (Камал Смайылов атындағы арнайы сыйлық)
Үздік анимациялық фильм
"Дәрігер Дана" – "Rio Production" ЖК (Әмен Қайдаров атындағы арнайы сыйлық)
Үздік аймақтық телеарна
"Caspian News" – Атырау қ.
Үздік тележурналист
Әйгерім Мұздыбаева – Бірінші канал "Евразия"
Үздік тележүргізуші
Светлана Булатова – "КТК" телеарнасы
Еркін Байғабылұлы – "Хабар 24" телеарнасы
Үздік спорт комментаторы
Есей Жеңісұлы– "Qazsport" телеарнасы
(Аманкелді Сейтханов атындағы арнайы сыйлық)
Арнайы жүлде "31 арна" телеарнасына отандық телевизиялық саланың дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.