×

«Евровидение-2024» байқауы қайда өтетіні белгілі болды

«Евровидение-2024» байқауы қайда өтетіні белгілі болды
Ашық дереккөздерден

Келесі «Евровидение» ән байқауы 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында Швецияның оңтүстігіндегі Мальме қаласында өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мальмеге қайта қош келдіңіздер! Мальмеде 2024 жылдың 7, 9 және 11 мамырында үшінші рет Eurovision өтеді», - делінген байқауды ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

Жарысты өткізуге Швецияның бірнеше қаласы қызығушылық танытты. Оның ішінде Стокгольм, Гётеборг және Эрншёльдсвик бар. «Евровидения-2024» байқауының атқарушы продюсері Эбба Адилссонның айтуынша, 2013 жылғы жарыстан соң Мальмеде заманауи орындар пайда болған. Сондықтан қонақтар мен қала тұрғындарына мерекелік іс-шараларға белсенді қатысу ұсынылып отыр.

Еуровидение байқауы әнші Лориннің биылғы жеңісінен кейін Швецияда өтпек. Жартылай финал 7 және 9 мамырда, ал финал 11 мамырда Malmö Arena-да өтеді.

Корольдік осы уақытқа дейін халықаралық жарысты алты рет өткізген: үш рет Стокгольмде, екі рет Мальмеде және бір рет Гетеборгта.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →