×

Әнші Жүгінісов: Басқа жолды таңдадым

Рүстем Жүгінісов бүгінде шоу-бизнестен толықтай алшақтап, дінге бет бұрған

Әнші Жүгінісов: Басқа жолды таңдадым
Коллаж: Qaz365.kz

Өнерлі отбасы ағайынды Жүгінісовтердің тұңғышы Рүстем Жүгінісов бүгінде шоу-бизнестен толықтай алшақтап, дінге бет бұрған. Дегенмен, тыңдармандары әлі де қашан өнерге оралатынын сұрап тұрады екен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сіздер менің ән айтпай кеткеніме екі жыл болғанын білесіздер ме? Мен өнерді тастадым. Басқа жолды таңдадым. Әнші емеспін. Мираспен дуэт жазбаймын», – деді желіде әнші бұрынғы тыңдармандарына.

Айта кетейік, Рүстем Жүгінісовтың жұлдызы кезінде «X-Factor» байқауынан кейін жанған. «Сен маған керексің» әні елде хитке айналып, әншінің аты дүркіреп шықты. Бірақ кейін Жүгінісов сахнамен біржола қоштасты. Бұған оның дінге бет бұруы себеп болған. Қазірде әнші сақалын жіберіп, тек кең шалбарлар киеді, басынан тақиясын тастамайды.

Есесіне, інісі Мирас Жүгінісов қазір жастардың арасында танымал. Оның «Зымыран» секілді әндері хитке айналған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды
Бүгін, 10:31

Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше күтіп алды

Ол 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында концертін өткізеді. 
Қазақ руханиятының мерекесі: «Әдебиет.Рух.Қоғам – 2025» байқауы қорытындыланды
Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады
Алматыда Бибігүл Төлегенованың XIII Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі өтт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →