×

Бүгін алып кетсе де, ерте емес. Жүрсін Ерман еміне Тоқаев көмектескенін айтты

Енді Еуропаға барып емделмеймін

Бүгін алып кетсе де, ерте емес. Жүрсін Ерман еміне Тоқаев көмектескенін айтты

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерманның денсаулығы былтырғы жылдан бері күрт нашарлап кеткен болатын. Тіпті, Еуропаға да барып емделіп келген еді. Қазіргі кезде арбаға таңылған ақын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі көмек қолын созғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Енді Еуропаға барып емделмеймін. Швейцарияда 40 күн жаттым. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы бөлді. Сол ақшамен барып келдім. Бірақ нәтиже болмады. Содан кейін бетім қайтып қалды. Не болса да, енді өз Отанымызда бұйырғанын көреміз. Жастай кетемін деп шырылдайтын емес. Бүгін алып кетсе де, ерте емес. Жасым 70-тен асты. Әуелде қатты жығылғанда, өмірмен қоштасқым келмей, біраз сұхбат бердім. Мұның бәрі бос әурешілік екен», - дейді Жүрсін Ерман Stan.kz агенттігінің You Tube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жыл басында Жүрсін Ерман  Швейцарияның Женева қаласына барып, ем алып келген болатын. Ол жақта құдасы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебреисус көмектескен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →