×

Туристік салада жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді ‒ Дәурен Абаев

Министр туризм саласының үздіктерін төс белгімен марапаттады

Туристік салада жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді ‒ Дәурен Абаев
Gov.kz

Халықаралық туризм күні аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапатын тапсыру салтанаты өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара «Қазақстан» орталық концерт залында өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін, осы салада 15 жылдан астам жұмыс істеген қайраткерлерге, сондай-ақ кәсіби еңбегі үшін «Туризм саласының үздігі» төс белгісін мамандарға табыс етті.

“Туризмнің шынайы әлеуеті тек әдемі табиғат пен кең аумақта, мәдени мұрада ғана емес, ең алдымен адами капиталда. Біздің туристік салада жарты миллионға жуық адам жұмыс істейді, олардың көпшілігі ынтагер азаматтар. Сіздер сияқты кәсіби мамандардың қатысуымен біз Қазақстанның туризм әлеуетін толық көлемде аша алатынымызға сенімдімін”,‒ деді министр Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің атынан Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ туризм саласының өкілдері Kazakh Tourism және Astana Invest ұйымдарынан алғыс хаттарына ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты
15.05.2025ж. 16:22

Мемлекеттік кеңесші Түркістанда өтіп жатқан халықаралық симпозиумның ашылуына қатысты

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум өтуде
Депутат Әшімжанов жасанды интеллект туралы заң жобасын қорғаған депутат Екатерина Смышляевадан осы бағытты жан-жақты саралаған-сараламағанын сұрады.
Ершов елді мекенінде бұрын-соңды мәдениет ошағы болмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →