×

"Ұйымдастыру жағы нашар": әнші Земфира қазақстандық жанкүйерлерін ренжітті

Бұған қатысты концерттерді ұйымдастырған Дана Орманбаева Telegram-арнасында пікір білдірді

"Ұйымдастыру жағы нашар": әнші Земфира қазақстандық жанкүйерлерін ренжітті
zakon.kz

Ресейлік әнші Земфира Қазақстандағы концерттің ұйымдастырылуына көңілі толмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Үш түрлі концерт, көп ой. Қазақстандағы нашар ұйымдастырылу - Табриздің бір түрі. Кәсіпқойлықпен ғана алып шықтық. Әйтпесе, әдемі маркиза .. Рақмет ", – деп жазды әнші.

Бір қызығы, әнші ел атын да шағын әріппен жазған.

Земфираның жазбасына «За рулем Казахстан» басылымының бас редакторы Алексей Алексеев те пікір білдірді. Оның айтуынша, ол концерттердің өзіне қатысты көптеген жағымды пікірлерді көрген, бірақ әншінің жазбасы көңілінен шықпаған. 

«Билет сатып алғандардың оны қалай қарсы алғаны, залдың энергиясы, оның толы болғаны туралы ештеңе жоқ. Ол жақтағы бірлік туралы да, Қазақстанның соғысты қолдамайтыны және онымен бірге залдағы халқымыздың «соғыс жоқ» деп ұрандатқаны туралы да. Жалпы, ол ештеңені байқамады», - деп жазды ол.

Бірақ ресейлік әншіні қолдап жатқандар да жоқ емес.

«Менің Земфираға сұрағым жоқ, ол концертте дыбыс сапасының нашарлығы үшін көрермендерден кешірім сұрауға мәжбүр болды. Концерт ұйымдастырушыларына қояр сұрақтарым бар, Земфира техникалық райдерге, әсіресе дыбысқа қатты талап қояды.

Земфира, ең алдымен, өз көрермендерін құрметтейді және оның эмоционалды посты концертке келгендерге, әсіресе Қазақстанға емес, өз міндеттемелерін орындамаған ұйымдастырушыларға қатысты», - деп жазды Жанна Ильичева.

Бұған қатысты концерттерді ұйымдастырған Дана Орманбаева Telegram-арнасында пікір білдірді. 

"Земфираның жазбасына ертең толыққанды пікір білдіремін. Мен әрқашан шындықты, адалдықты және кәсібилікті жақтайтынымды білесіздер. Мен әншінің не айтқысы келетінін жақсы білемін, мен де бұл туралы айтуым керек, бірақ айтқым келмеді, өйткені ішкі былықты өзіміз шешуге болады, көрермен бұған лайық емес", - деді ол. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
13.05.2024ж. 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →