×

Қайрат Нұртас, Садраддин, МузАрт: Алматыда «Сағындым Алматымды» атты мерекелік ән кеші өтеді

Музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылмақ

Қайрат Нұртас, Садраддин, МузАрт: Алматыда «Сағындым Алматымды» атты мерекелік ән кеші өтеді

Алматыда  17 қыркүйекте қала күніне орай «Сағындым Алматымды» атты мерекелік ән кеші  өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл күні алаңға жиналған көрермен заманауи қазақ музыкасының үш буынының ең жарқын өкілдері – «МузАрт», Қайрат Нұртас және Садраддиннің бір сахнада өнер көрсеткенінің куәсі болмақ. Бұл үш мықтының үлкен сахнадағы алғашқы кездесуі. Елдің сүйіктілері, миллиондаған  тыңдармандардың кумирі, уақытқа бағынбайтын әндердің орындаушылары қайталанбас эмоция мен атмосфера сыйлауға дайын. Осы жексенбіде КБТУ алдындағы алаңда келушілер ерекше алматылық vibe-ті сезіне алатын болады. Бұл кеш шығармашылықтың, еркіндіктің, жастықтың, сапалы музыканың, жарқын шоудың естелігі болмақ,  делінген хабарламада.  

Оған қоса, музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-ші жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылмақ. Оны орындайтындар:

- «URKER» pop тобы, «Мюзикола» тобының солисі Карина Абдуллина, «Ай,ай,ай Ақ сәулем» әнінің орындаушысы Өктем Алтаев;

- Қазақ сахнасының жарқын өкілдері Саят Медеуов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаевалар;

- Эстрада бағытын жандандырып жүрген әншілер Ғазизхан Шекербеков, Әбдіжаппар Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Нұржан Халжан, Мөлдір Әуелбековалар;

- Сахнада өзіндік орны бар Беркут пен Аиша, Бейбіт Қорған;

- Заманауи толқынның өкілдері Тұрар, Маченский, AyaFunk, Ильхан бар. 

Мереке Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Соңғы жылдары қарқынды дамып жатқан қазақ музыкасының тыңдарманға берері көп. Қаншама ән жаңадан туып, қаншама ән қайта жаңарды, көрермен көңілінен өз орнын тапты. «Сағындым Алматымды» сол қалыптасқан  тенденцияны айқындап көрсетеді. Өйткені Алматы - мәдениетіміздің отаны, музыкадағы трендсеттер, шығармашылықтың бастау алатын мекені, дейді ұйымдастырушылар. 

 

Өтетін жері мен уақыты:

• Алматы қаласы, Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысындағы Астана алаңы

• Концерт open air форматында астында өтеді.  

• Сағат 17:00-де басталатын кеш түнгі 23:00-ге дейін жалғасады. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді
13.05.2024ж. 10:19

«Әкемнің кітабын түпнұсқада оқи алмаймын»: Сәбит Мұқановтың қызы алғаш рет сұхбат берді

Сәбит Мұқановтың қызы әкесінің кітабын түпнұсқада оқи алмайтынын мойындады
Олар күрделі акробатикалық нөмірді орындады
Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →