×

Түркістанда "ÓzgeEpic" креатив хабтың филиалы ашылды

Мұнда жастар түрлі шығармашылық бағыт бойынша шыңдалады

Түркістанда "ÓzgeEpic" креатив хабтың филиалы ашылды

25 желтоқсан күні Түркістан қаласында  шығармашылық бағыттағы ÓzgeEpic creative hub филиалы ашылды, деп хабарлайды qaz365.kz

ÓzgeEpic creative hub қабырғасында музыка, театр, дизайн, анимация, фотоөнер, көрме, жәрмеңке, айтыс, стенд ап, драматургия бағытындағы сан алуан жобалар жүзеге асырылмақ. Бұған қоса, балалар театры құрылып, дизайн және фотоөнер курстары ұйымдастырылады.

“ÓzgeEpic – мақсаты халықаралық деңгейде заманауи бәсекеге қабілетті қазақстандық өнерді дамыту, қоғамның мәдени санасының деңгейін арттыру, дарынды жастарды анықтау және қолдау болып табылатын кеңістік. Креатив хаб Қазақстан мәдениетінің озық өкілдерін тарта отырып, жергілікті өнер қауымдастықтарын қалыптастыруға қызмет етеді. Түркістан жастарының заманауи қазақ мәдениетін дамытудағы орнын айшықтайды. Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға үлес қосып, қаланың халықаралық түристік  орталық ретіндегі мәртебесін мәдени жобалары арқылы жандандыра түседі”, – дейді ұйымдастырушылар.

Өнер кеңістігінің ашылу салтанатында  фотограф-дизайнер Шыңғыс Әбдіразақтың «Түркістан әйелдері» мен «Тіршілік» атты фотокөрмесі өтті. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

ÓzgeEpic creative hub 2019 жылдан бері Алматы қаласында жүзеге асырылып келеді. Аз уақыттың ішінде бірнеше жоба өз жемісін берді. Атап айтсақ, алғашқы қазақстандық стриминг сервисі, 3 халықаралық анимациялық фестиваль, 20-дан астам LIVE концерт, 30 спектакль, 15 әдеби кеш ұйымдастырылды. 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады
Кеше, 15:16

Ақтөбеде Димаш Құдайберген атындағы арена пайда болады

Қалада жаңа бірнеше нысан пайда болады
Қала әкімі дарынды әншіні ел Президентінің атынан 85 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ол түйткілді тұстардың уақытылы түзетілмеген болып шыққанын жеткізді
Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →