×

Үш отандық фильм «Азия Оскарын» жеңіп алды

Австралияда Asia Pacific Screen Awards азиялық беделді киносыйлығы өз жеңімпаздарының есімін жариялады

Үш отандық фильм «Азия Оскарын» жеңіп алды
stephenbryett.com.au

Бүгін Австралияда Asia Pacific Screen Awards азиялық беделді киносыйлығы өз жеңімпаздарының есімін жариялады. Биылғы жылы үш қазақстандық фильм – Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу», Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» және Айсұлтан Сейітовтың «Қаш» картиналары жүлдегерлер қатарына енді. Айта кететін жайт –  үш фильм де режиссерлердің дебюттік жұмыстары, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның ішінде екі фильм, атап айтсақ, «Бауырына салу» мен «Ағайынды» Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген. 

«Бауырына салу» «Үздік жастар фильмі» номинациясында жеңіске жетсе, «Ағайынды» картинасында басты рөлдерді сомдаған Айбар Салы мен Әлішер Исмаилов «Үздік жаңа қойылым» үшін жүлдеге ие болды. Ал «Қаш» туындысы «Үздік операторлық жұмыс» номинациясында марапатқа ие болды. 

Ал APSA-ның бас жүлдесін «Үздік фильм» номинациясында әйгілі неміс режиссері Вим Вендерстің «Прекрасные дни» атты жапондық картинасы жеңіп алды. Биылғы жылы «Санденс» және Берлин кинофестиваліне қатысқан, фестивальдердің хиты болған «Прошлые жизни» фильмі Селин Сонға  «Ең үздік режиссер» атағын әкелді. Кештің тағы бір фавориті Рюсуке Хамагутидің «Зла не существует» жапондық драмасы қазылар алқасының Гран-приіне қол жеткізді. 

«Бауырына салу» фильмі сәби кезінен әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Туындының тұсауы осы жылы Испанияның Сан-Себастьян қаласында өткен беделді кинофестивальде кесілді, онда ол «Жаңа режиссерлер» бағдарламасында көрсетілді. 

«Ағайынды» фильмі өткен жылдың қыркүйегінде Германиядағы Oldenburg International Film Festival фестивалінде "Кино рухы" сыйлығын жеңіп алған болатын, ал осы жылдың сәуір айында Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы бұл картинаны 2022 жылдың "Үздік драмасы" деп таныды. Сонымен қатар, "Ағайынды" – Италия, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Испания және Болгариядағы халықаралық кинофестивальдерде 10 марапатқа ие болды. 

«Қаш» фильмі қазақ даласындағы 30-шы жылдардағы ашаршылық кезіндегі халықтың қиын тағдыры туралы баяндайды. Қабір қазушы Исатай өз ауылын құтқару үшін қауіпті миссияға барады, бірақ жолда оған кезбе адам кездесіп, оны адастырады. Айта кетсек, Айсұлтан Сейітов жазда Шанхай халықаралық кинофестивалінде осы жұмысы үшін «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.

APSA сыйлығы 2007 жылы ЮНЕСКО мен FIAPF халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығының көмегімен Австралия Үкіметінің бастамасымен құрылған. Ол жыл сайын халықаралық марапаттар арасында маңызды орын алуда және кинематографиялық әлемде «Азиялық Оскар» деп аталады. 

Сыйлық жыл сайын Азия-Тынық мұхиты аймағының 70-тен астам елінің өкілдері жасаған ең көрнекті картиналарды атап өтеді. Өткен жылдар жеңімпаздарының қатарында 2019 жылы «Үздік режиссер» номинациясында жеңіске жеткен белгілі қазақстандық режиссер Әділхан Ержанов бар. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →